Қаржымен жұмыс – жауапкершілігі мол іс

 

«Қаржы тиыннан құралады» деген рас сөз. Негізінен аудан бюджетіне түсетін қаржының негізгі көзі салық болып табылады. Содан соң негізгі капиталды сату, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түскен түсімдер, жер учаскесін сату, жалға беру секілді бірнеше бағыт бойынша қаржы көздері жинақталады. Осынау үлкен іспен айналысушылардың бірі санатындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылатын «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі де өз құзыреті шегінде экономика және бюджеттік жоспарлау, коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс, сондай-ақ бюджетті атқару және бухгалтерлік есеп сынды екі сектордан құралып, қызмет етуде. Аталған бөлім басшысы Алтынзер Орынғалиқызы Сапаевамен болған әңгімемізге негізінен өткен жылы бөлім бойынша атқарылған жұмыстар өзек болды. 


–Бөлімнің атауы да айтып тұрғандай, аудан экономикасындағы атқарылып жатқан сан сапат іс жеті штаттық бірліктегі санаулы мамандар ғана қызмет қылатын сіздер арқылы тиянақталып, жүзеге асып жататынынан хабарлымыз. Оның өткен жылғы барысы қалай болды?

–Бізде экономика және бюджеттік жоспарлау, коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс секторы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін аудандық статистика басқармасынан, бөлімдерден жинақтау, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын дайындау, ауданның төлқұжатын жасақтау; ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму мониторинг есебін жинақтап, облыстық салалық басқармалардың келісімімен қоса, облыстық экономика және қаржы басқармасына тапсыру; ауданды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жасақтау; «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беру; 2023-2027 жылдарға арналған Исатай ауданы бойынша «AMANAT»  партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасының орындалысы туралы ақпарат беру жұмыстары жүріп келеді.
Экономика саласы бойынша айтсақ, 2025 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар оң нәтиже байқалды. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі аздап төмендегенімен, өңдеу өнеркәсібінде елеулі өсім тіркелді. Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып, жалпы өнім көлемі артты, мал шаруашылығы көрсеткіштері жақсарды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту деңгейі тұрақты сақталып, жұмысқа орналасқан азаматтар саны өсті. Әлеуметтік қолдау шаралары күшейіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны артты.
Ауданда инвестициялық белсенділік пен құрылыс жұмыстарының көлемі төмендегенімен, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші өсті. Кәсіпкерлік саласында субъектілер саны қысқарғанымен, өндірілген өнім мен сауда көлемінің артуы экономикалық белсенділіктің сақталғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, аудан экономикасы әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік есебінен дамуын жалғастыруда.
Жалпы, экономикалық ахуал аумақтық даму жоспарымен сабақтасып жатады. Оған қатысты сөз қозғасақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесінің 216-тармағына сәйкес 2025 жылдың 22 желтоқсанында Исатай аудандық мәслихатының №214-VIII шешімімен «Исатай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары» бекітілді. Даму жоспары 62 іс-шараны құрайды. Атап айтқанда: инженерлік-инфрақұрылым саласы бойынша - 8, автомобиль жолдарының құрылысы саласы бойынша - 7, спорт саласы бойынша -7, білім беру саласы бойынша - 9, мәдениет саласы бойынша - 3, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша - 18,  өзге де құрылыстар бойынша 10 іс-шарамен қамтылған.

 

– Сектор атқаратын қызметте бюджеттік жоспарлау, коммуналдық мүлікті басқару саласы, мемлекеттік қызмет көрсету де бар ғой.

– Бюджетті жоспарлау саласында бөлімде аудандық бюджетті жоспарлау, жобалау, талдау жұмыстарын жүргізу; аудан бюджетіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу; бағдарлама әкімгерлерінен бюджеттік өтінім қабылдау және бюджеттік жобаларды бюджеттік комиссияға ұсыну; ауданның бюджет жобаларын «Азаматтық бюджет», «Ашық бюджет»  арнайы порталдарына орналас-тыру бар. Ал коммуналдық мүлікті басқаруда атқарылар жұмыс - мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жұмыстарын ұйымдастыру; мүлікті түгендеу (есептілік); мүлікті жекешелендіру (сауда-саттық); мүлікті жалға беру; мүлікті сенімгерлік басқаруға беру; мүлікті өтеусіз пайдалануға беру.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сала мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие мен бір жолғы көтерме жәрдемақы тағайындау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу көзделген.Мәселен, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2025 жылы 35 маманға 13,7 млн.теңге біржолғы көтерме жәрдемақы төленіп, 4 маманға 37,3 млн.теңге тұрғын үй сатып алуға несие берілген (2024 жылы 15 маманға көтерме жәрдемақы барлығы 5 538,0 мың теңге төленіп, 4 маманға тұрғын үй сатып алуға барлығы 35 074 мың теңге несие берілген). 

Жалғасы газеттің №10 (4275) санында

 

Сұхбаттасқан: Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT