“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” Коалиция мүшелері Х.Ерғалиев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен ел дамуына қатысты бастамалар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиында коалиция мүшелері атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.



