Коалиция мүшелері Е. Насимуллинмен А.Рахметов Аққыстау ауылының тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді. Жиында жаңа Конституцияның негізгі басымдықтары, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Ауыл халқы өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын ашық айтты.
Кездесу ашық пікір алмасу алаңына айналып, тұрғындар мен коалиция өкілдері арасында өзара сенімді диалог қалыптасты. Халықтың ой-пікірлері мен ұсыныстары алдағы жұмыстарда ескерілетіні атап өтілді. Осындай кездесулер қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, ел дамуына бірлесе үлес қосуға мүмкіндік береді.




