Кіл мықтылар анықталды

 

Өткен жұмада шахматтан аудан әкімінің кубогы сарапқа салынған аудандық турнир өтті. Жарысқа ауданның ауылдық округтерінен 33 шахматшы қатысып, өзара бақ сынады.

 

 

Турнирге қатысушылардың қатарынан исатайлық ардагер ұстаз, талай облыстық және республикалық шахмат додаларында жүлде алып жүрген Оразбек Жұмаев есімді ағамызды да көзіміз шалды. Сексеннен асқан ардагер бұл жолы жарысқа жалғыз келмей, өз қызы мен жиенін де ерте келген.

 

 

– Аудан орталығында шахматтан осындай турнирдің алғаш рет ұйымдастырылып отырғаны қуантады. Қатысушылардың ең кішісі – 9 жаста болса, ең үлкені – өзім. Жасқа қарамай, шахматқа қызығушылық танытып жүрген жастарды көріп, көңілім марқайды. Алдағы уақытта осындай жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Әсіресе Аққыстау ауылында шахматтан арнайы орталық ашылып, балаларға арналған үйірмелер жұмыс істесе, бұл спорттың дамуына үлкен серпін берер еді,-дейді ол.

 

 

Сондай-ақ жарыстың бас төрешісі – «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы басшысының міндетін атқарушы Бекзада Меңдекенова. Нәтижесінде абсолюттік санатта Ғаллам Асылбек жеңімпаз атанып, Қабол Досжан ІІ, Ахметкалиев Махамбет ІІІ орын иеленді. Үшеуі де облыстық кезеңге жолдама алды.

 

 

Жас санаттары бойынша Зинур Інжу, Қалекес Айсатхан, Гүлім Нұрлыбекқызы, Ырысжан Рахметолла және Зульфия Жұмаева топ жарып, өз санаттарында үздік атанды.

 

 

Оларға марапатты аудан әкімі Нұрым Мусин арнайы өзі табыстады. Осылайша аудандық жарыста үздік нәтиже көрсеткен спортшылар желтоқсан айындағы облыстық кезеңде  аудан намысын қорғайтын болады. 

 

 


Сағыныш ҚАЙЫР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT