Кітапханашы өз таңдауын жасады

 

Ауылдық кітапхананың кітапханашысы Кенжиева Рахима №138 сайлау учаскесіне келіп, ауыл болашағына қатысты өз азаматтық таңдауын жасады.

Сайлау – әр азаматқа өз ұстанымын білдіріп, елдің ертеңіне деген жауапкершілігін танытатын маңызды қоғамдық үдеріс. Осыны жақсы түсінетін Рахима Кенжиева да ауылдың өсіп-өркендеуі мен тұрғындардың тұрмыс сапасының артуы үшін бүгінгі таңдаудың маңызы зор екенін атап өтті.

–Ауылдың келешегі – оның әр тұрғынының ортақ ниеті мен белсенді азаматтық ұстанымынан басталады. Сондықтан сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру арқылы өз таңдауын жасау – туған жердің болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі,-дейді ол.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT