Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

ашық дереккөзден

 

Республика көлемінде 15–22 ақпан аралығында «Тұрмыс» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа бейім адамдарға заң шеңберінде қорғау нұсқамаларын шығару.

Осы мақсатта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген бақылауға көшіп, тұрмыстық құқық бұзушылыққа бейім адамдар мен қолайсыз отбасыларға профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалар жүйелі түрде тексеріліп, оларға құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол берілмейді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық жанжал бойынша 15 хабарлама тіркеліп, барлығына 15 қорғау нұсқамасы шығарылды. Одан бөлек, 4 адамға мінез-құлқына сәйкес ерекше талаптар белгіленді. Барлық тексерістер тұрғылықты мекенжайдан жүйелі түрде жүргізіледі.

Сондықтан «Тұрмыс» іс-шарасы – қоғамдағы зорлық-зомбылықты азайтып, отбасы мен тұрмыстық қатынастардағы тыныштықты сақтау үшін қолға алынған маңызды бастама.


    
Динара ТӨЛЕГЕНОВА,
аудандық полиция бөлімі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Отбасы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы,
полиция капитаны 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026