Коалиция мүшелері Еңбек сіңірген ұстаз Е. Насимуллинмен бейресми кездесу өткізді

 

Бүгін аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының мүшелері Еңбек сіңірген ұстаз Е. Насимуллинмен бейресми кездесу өткізді. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың маңызы мен қоғам өміріндегі рөлі жөнінде пікір алмасу болды.

Е. Насимуллин білім саласында көп жыл еңбек еткен тәжірибелі ұстаз ретінде жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, бұл бастама елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, қоғамда әділеттілік пен ашықтықты нығайтуда мұндай реформалардың ерекше маңызы бар екендігін жеткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, ел болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар өзара пікір алмасып, елдің тұрақты дамуы мен бірлігін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT