Коалиция мүшелері Қызыл үй негізгі мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

 

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты аудандық коалиция мүшелері Қызыл үй негізгі мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – елімізде қолға алынған конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіру және жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер туралы ақпарат беру болды.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата заң жобасында қарастырылған негізгі бағыттарға тоқталып, оның ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT