Бүгін аудандық коалиция мүшелері Тұщықұдық ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықтың пікірін тыңдау болды.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен жаңашыл бастамалар туралы айтылып, оның қоғам дамуына тигізетін маңызы түсіндірілді. Тұрғындар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға мүмкіндік беріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді бірге талқылауға жол ашады. Кездесу соңында тұрғындарға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөліскені үшін алғыс білдірілді.



