Коалиция мүшелері «Жайықмұнайгаз» ұжымымен кездесті

 

“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” Коалиция мүшелері  референдумға байланысты «Жайықмұнайгаз» ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының маңызы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен түсіндірілді.

Жиын кезінде ұжым қызметкерлеріне референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы айтылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған бастамалар таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға коалиция мүшелері тарапынан толық жауап берілді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT