Коалиция мүшелері Жасқайрат ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді

 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты аудандық коалиция мүшелері Жасқайрат ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру және жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер туралы ақпарат беру болды.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға референдумның маңызы түсіндіріліп, ел болашағы үшін әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды екені айтылды.

Жасқайрат ауылының тұрғындары ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдіріп, елдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT