Аққыстау ауылында орналасқан Аққыстау орта мектебінде коалиция мүшелері білім саласының қызметкерлерімен референдумға байланысты мазмұнды кездесу өткізді. Басқосу барысында алдағы референдумның маңыздылығы, оның ел болашағына әсері және әр азаматтың жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында ұстаздар қауымына референдум арқылы қабылданатын өзгерістердің қоғам дамуына, әлеуметтік тұрақтылыққа және құқықтық мемлекетті нығайтуға қосар үлесі айтылды. Пікір алмасу форматында өткен жиында мұғалімдер өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Коалиция мүшелері қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, ашық диалог алаңын қалыптастырды.

Шара соңында қатысушылар ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысу – әрбір саналы азаматтың парызы екенін атап өтті. Кездесу өзара түсіністік пен бірлік рухында өтті.



