Коалиция мүшелерінің Исатай ауылы тұрғындарымен референдум мәселесі бойынша кездесуі

 

Аудандық коалиция мүшелері Исатай ауылы тұрғындарымен референдумға байланысты кездесу өткізді. 

Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, ұсынылып отырған бастамалардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпалы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар әлеуметтік әділеттілікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жаңашылдықтар сөз болды.

 

 

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Коалиция мүшелері әр сауалға нақты жауап беріп, референдумға белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT