Коалиция мүшелері Қызыл үй ауылының тұрғындарымен референдумға байланысты кездесу өткізді. Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тигізер ықпалы туралы айтылды. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары, заң үстемдігі және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларға ерекше тоқталды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері әрбір сауалға нақты жауап беріп, референдумға белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер халықтың саяси және құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.


