Коалиция мүшелері жастар өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституцияға байланысты өтетін референдумның маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында ел болашағы – жастардың қолында екені ерекше атап өтіліп, әрбір жас азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы маңызды екені айтылды.
Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің демократиялық құндылықтарды нығайтуға, әділетті қоғам қалыптастыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғаны түсіндірілді. Жастар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.




