Қоғам тыныштығы мен ел дамуы жолында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері және сот саласының мамандарына құрмет көрсетілген мерекелік шара бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде өтті. 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан полициясы күніне, сондай-ақ 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында сала ардагерлері мен үздік мамандар марапатталды.

Салтанатты шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот саласының мамандары, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталған жиында елге қызмет етудің маңызы мен жауапкершілігі кеңінен айтылды.

Шараның тағылымды сәттерінің бірі – мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қосылған аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Саят Коляұлының ант қабылдау рәсімі болды. Ол мемлекеттік қызметшінің абыройлы міндетін адал атқарып, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етуге серт берді.

Мерекелік жиында Исатай ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұрберген Утегенов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет, полиция және сот жүйесінің қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар аталған салаларда еңбек етіп жүрген мамандардың ауданның өркендеуі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы үлесіне жоғары баға берді.

-Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау жолындағы жауапты әрі абыройлы міндет. Мемлекеттік қызметшілер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына қызмет етеді. Ал полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келеді. Сот саласының қызметкерлері заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әділдік қағидаттарын берік ұстану арқылы қоғамның тұрақтылығына өз үлестерін қосуда. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы мен қоғамдық келісімнің нығаюы – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, адал еңбектеріңізге және жауапкершіліктеріңізге тікелей байланысты. Сондықтан да сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.-дейді ол.

Кәсіби мерекелерге орай өз салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Есекеш Адайбек және құқық қорғау саласының қызметкері Руслан Бағытов Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал Исатай ауданы әкімі аппаратының жалпы жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Мейрамгүл Құрасова, Зинеден ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қарлығаш Төлегенова, Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жайдарман Мұхтарова, аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері Сұлу Бектұрғанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алғыс хатын иеленді. Ал аудан әкімінің алғыс хатымен бір топ қызметкерлер марапаталды.

Атап айтқанда, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ардақ Нұралиева, аудандық білім бөлімінің бас маманы Айнұр Ғазизова, Исатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-есепшісі Айгерім Бақтыгереева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Марат Жұмабеков, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісов, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дамир Фархадов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлзада Абилова, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы Фарид Даулетов, аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлім бастығы Бейбітжан Айжарықов марапат төрінен көрінді. Облыстық және аудандық мәслихаттардың Алғыс хаттарымен бір қатар марапатталушылар сахна төріне көтерілді. Атап айтқанда, облыстық мәслихатының алғыс хаты Исатай ауданы статистика бөлімінің бас маманы Айтбек Көбейсінов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Ризабек Жақсыбаев, Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Ербол Есмағила марапатталса, аудандық мәслихатының алғыс хатын Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы –Ринат Қадыржанов, аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Гүлназ Сариева, Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айдана Дүйсенғалиева, Исатай аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция тобының әкімшілік практика жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Жанаргүл Дәулеткереева иеленді. Аудандық мәслихат шешімімен Исатай аудандық сотының төрағасы –Мерлан Құсайынов, Исатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рая Мангибаева, мемлекеттік қызметтің ардагері Зеріп Науанова, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы-аға есепші Әлия Исмагулова Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азаматтардың ата-аналарына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері ерекше аталып өтті.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған «QUIZ» интеллектуалдық ойынының жеңімпаздары да марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға дипломдар мен кубоктар табыс етілді. Мерекелік жиында аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Идеятоллаұлы Рахметов, Исатай аудандық сотының төрағасы Мерлан Рахметоллаұлы Құсайынов және полиция бөлімінің басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлеріне ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан полициясы күніне орай құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің төсбелгілерімен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара соңы аудан өнерпаздары мен қоса құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламада патриотты әндер шырқалып, күйлер орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй тарту етті.
Еркебұлан УАЛИТХАН


