Қоғамдық іске белсенді отбасы

 

Нарын ауылындағы саяси науқанға тұрғындар белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Солардың қатарында бір кездері ауыл әкімі қызметін атқарып, кейін аудан көлеміндегі мекемелердің бірін басқарған, бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Рухолла Такенов пен жұбайы, Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің мұғалімі Нұргүл Рыскалиева да бар.

Ерлі-зайыптылар №138 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ауылдың тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын отбасы үшін бұл – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Қоғам өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмаған олар өз азаматтық міндеттерін орындап, ауылдың ертеңіне қатысты ортақ таңдауларын білдірді.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT