Қоғамдық көлік қызметкерлері өз таңдауларын жасады

 

Аудан орталығындағы «Батыс Тех Инвест» мекемесінің ауылішілік қоғамдық көлік қызметкерлері де ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады.

Қоғамдық көлік саласының бір топ қызметкері №134 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Азаматтық белсенділік танытқан қызметкерлер өз таңдауларын жасап, елдің болашағына қатысты маңызды шешімге үн қосты.

Күнделікті халыққа қызмет көрсетіп, ауыл тұрғындарының қатынауын қамтамасыз етіп жүрген сала мамандары үшін бұл күн – азаматтық жауапкершілігін танытатын маңызды сәт. Олар сайлау учаскесіне бірге келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT