Конституция – құқықтық мәдениет пен қоғамдық тұрақтылықтың негізі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің құқықтық жүйесінің іргетасы, мемлекет пен қоғам дамуының негізгі бағдарын айқындайтын басты құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың берік негізін қалыптастырады. Конституцияда айқындалған қағидаттар – заң үстемдігі, теңдік, әділдік – ел дамуының басты құндылықтары болып табылады. Осыған орай, Негізгі заңның мазмұнын кеңінен түсіндіру, оның қоғамдағы рөлін насихаттау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру өзекті міндеттердің бірі саналады.

Осы мақсатта 2026 жылдың 24 сәуір күні «Конституция – біздің ортақ қазынамыз» тақырыбында аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, заңгер А.Насипкалиев кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституцияның негіздері, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, оларды сақтау мен қорғаудың тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау – қоғам тұрақтылығының кепілі екені нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Іс-шара аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, мемлекеттік саясатты қолдау мәселелері де назардан тыс қалмады. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі, олардың кәсіби қызметінде заң талаптарын сақтау маңыздылығы ерекше атап өтілді. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу жүзеге асты.

Қорытындылай келе, кездесу Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі рөлін кеңінен түсіндіруге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға деген құрметті нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды. Кездесу барысында көтерілген мәселелер қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік заңнаманы сақтау қағидаттарын тереңірек ұғынуға ықпал етті. Осыған байланысты, мұндай мазмұнды ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде өткізу қоғамда құқықтық сананы қалыптастыруға және Конституция қағидаттарын ілгерілетуге оң әсерін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT