Қос зейнеткер саяси додадан қалыс қалмады

 

Зейнет жасына жетсе де, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмауды азаматтық парызы санайтын Жәрдемов Асқар мен Дәулетова Ақкенже №138 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Қос зейнеткер де ауылдың болашағына бейжай қарамай, дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымдарын білдірді. Олардың пайымынша, елдің ертеңіне қатысты әрбір тұрғынның таңдауы маңызды.

Бір шаңырақтың қос зейнеткері үшін бұл – тек дауыс беру ғана емес, туған ауылдың келешегіне деген жауапкершіліктің көрінісі.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT