Исатай ауданында 2026 жылдың 28-29 мамыр күндері “Өрт - 2026” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтеді.
Оқу-жаттығуға дайындық аясында 28 мамыр күні сағат 11:00-де аудан көлемінде ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады.
Осыған байланысты “БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА” сиренасы кезінде тұрғындардан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұраймыз. Сирена дыбысы – жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстарының бір бөлігі екенін хабарлаймыз.



