Құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

 

Бүгін аудан әкімі Нұрым Мусин аудандық құрылыс бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, 2026 жылғы 12 маусымнан бастап Сегізбаев Байтұрсын Нұрболатұлы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Байтұрсын Нұрболатұлы 1997 жылғы 30 маусымда Атырау облысы, Исатай ауданының Аққыстау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

 

 

Еңбек жолын 2020 жылы Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2023-2025 жылдары Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы;
2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Аудан әкімі Нұрым Бекежанұлы жаңадан тағайындалған бөлім басшысына жауапты қызметінде сәттілік тілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі. Өз кезегінде Байтұрсын Нұрболатұлы жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, ауданның құрылыс саласын дамытуға күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

 

Е.ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT