Кәсіпкер отбасы өз таңдауын жасады

 

Нарындық кәсіпкерлер Нұрлан Қазымов пен оның жұбайы Айман Нұржанова ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, сайлау учаскесіне бірге келіп, өз азаматтық таңдауларын жасады.

Кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген ерлі-зайыптылар үшін туған жердің тыныс-тіршілігі мен болашағы әрдайым маңызды. Осы ұстаныммен олар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын білдірді.

– Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі. Сондықтан сайлауға қатысып, өз дауысымызды беру – азаматтық парызымыз, – деді Нұрлан Қазымов.

Ал Айман Нұржанова да отбасы болып елдік мәселеге үн қосу маңызды екенін атап өтті.

Нарындық кәсіпкерлер осылайша өз таңдауларын жасап, ауылдың өркендеуі мен елдің келешегіне қатысты маңызды науқанға өз үлестерін қосты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT