Үлгілі отбасы ел болашағы үшін дауыс берді

 

Исатай аудандық мәслихатының депутаты, Исатай ауданы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, «Ауыл» партиясының жанынан құрылған «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының төрайымы Ақмарал Тахаева отбасымен бірге референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Отағасы Құрманов Бауыржан Мадиұлы бұл ел үшін маңызды саяси науқан екенін атап өтті.

— Бүгінгі референдум – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күн. Сондықтан әр азамат қалыс қалмай, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын, — деді ол.

Отанасы Ақмарал Тахаева – көптеген ауыл әйелдеріне үлгі болып жүрген белсенді жан. Ол түрлі қоғамдық іс-шаралардың басы-қасында жүріп, талай игі іске ұйытқы болып келеді. Сонымен қатар қайырымдылық шараларына да белсене қатысып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып келеді.

Отбасы мүшелері де азаматтық белсенділік танытып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын көрсетті.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT