Белгілі өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Исатай ауданының Құрметті азаматы Мұрат Бектеновтің 80 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты қабырғамыз қайысып, қайғыра көңіл айтамыз.
Мұрат Бектенов саналы ғұмырын туған өлкенің тарихын зерттеуге, ел шежіресін түгендеуге, тарихи тұлғалар мен қасиетті мекендердің тағылымын кейінгі ұрпаққа насихаттауға арнаған арда азамат еді. Оның қаламынан туған құнды еңбектер туған жердің тарихын тануға қызмет етіп, ұлт руханиятының асыл қазынасына айналды. Өзінің адал еңбегімен, азаматтық ұстанымымен, қаламгерлік қарымымен елдің құрметіне бөленген тұлғаның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.
«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі мен Исатай аудандық қоғамдық-саяси «Нарын таңы» газетінің ұжымы Нарын өңірінің шежірелі тарихын зерттеп, туған өлкенің өткені мен өнегесін ұрпаққа аманат еткен көрнекті өлкетанушы, жазушы Мұрат Бектеновтің өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша ағайын-туысына қайғырып көңіл айтады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Артында қалған ағайын-туысына Алла тағала сабыр мен күш-қуат берсін.


