Марапат төрінде – коммуналдық сала мамандары

 

Таңның атысынан кештің батысына дейін елдің жайлы өмірі үшін тынымсыз еңбек ететін жандар бар. Бірі жарық пен жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етсе, енді бірі көше тазалығы мен коммуналдық жүйенің қалыпты жұмысын қадағалайды. Көпшілік назарынан тыс қалып жататын бұл мамандық иелері – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының нағыз еңбек адамдары. Осы орайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлері күніне орай ауданымызда сала үздіктері марапатталып, ел игілігі жолындағы адал еңбектері еленді.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімі Нұрым Мусин алғы сөз сөйлеп, сала қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, марапат табыстады.

 

 

– Коммуналдық сала – халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты маңызды бағыттардың бірі. Қай уақытта да тұрғындардың жайлы өмір сүруіне, ауыл-аймақтың көркеюіне үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі зор. Аптап ыстықта да, қақаған аязда да ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін жандар әрдайым құрметке лайық. Бүгінгі марапат – сіздердің адал еңбектеріңізге көрсетілген алғыс пен сенімнің белгісі. Баршаңызды мерекемен құттықтап, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, -деген ол әрмен қарай сала мамандарын марапаттаумен жалғастырды.

 

 

Алдымен облыс әкімінің Алғыс хатына ие болғандардың қатарында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалы Исатай газ шаруашылығы өндірістік филиалының Жанбай ауылдық округі бойынша темір шебері Серік Мағазов, Қамысқала ауылдық округі әкімдігі аппаратының қоғамдық жұмысшысы Қалман Қадыров, «QAZAQGAZAIMAQ» АҚ-ның Нарын ауылдық округі бойынша слесарь-темір шебері Нұрберген Бозахаев сынды азаматтар бар.Сонымен қатар облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен Зинеден ауылдық округі әкімдігі аппаратының күзетшісі Ерлан Амиров, «Прикаспиан Петролеум Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сазанқұрақ кен орнының басшысы Жасұлан Қуанышұлы, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары Байтұрсын Сегізбаев пен Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы және коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Ералы Сыралиев ие болды.

 

 

Ал аудан әкімінің Алғыс хатын Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас мамандары Гүлферуза Қазекешова мен Арсен Емматұлына табысталды.

Келесі кезекте сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов қоғам үшін осы қызметкерлердің орны елеулі екен тілге тиек етті.

Әрі ол өз кезегінде Алғыс хатын «Қазақтелеком» АҚ Исатай желіжол-техникалық учаскесінің электромеханигі Светлана Жоламанова мен «Атырау Жарық» ЖШС-нің кезекші электромонтері Оразбек Ускенбаевқа табыстады.

Шара барысында сөз сөйлегендер коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке лайық екенін тілге тиек етті. Қай мезгілде де халықтың тыныс-тіршілігінің қалыпты жүруіне үлес қосып жүрген мамандардың жұмысы – үлкен жауапкершілік пен табандылықтың көрінісі.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT