Маңызды күнде аудандық мәслихат депутаты дауыс берді

 

Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте азаматтардың белсенділігі ерекше маңызға ие. Мұндай тарихи кезеңде халық қалаулылары да елмен бірге өз таңдауларын жасап, қоғамға үлгі көрсетуде

Аққыстау ауылындағы №133 референдум учаскесінде Исатай аудандық мәслихатының депутаты Асхат Жұмабеков дауыс беріп, республикалық референдумға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Халық қалаулысы ел өміріндегі маңызды шешімдерге әрбір азамат бейжай қарамауы тиіс екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, референдум – елдің болашағына қатысты маңызды мәселеде халықтың пікірін білдіретін тарихи сәт.

– «Ақылдасып істеген іс берекелі» демекші, бұл бастама көтерілген уақыттан бері қоғамда түрлі пікірлер айтылып, көзқарастар алмасып жатты. Әр азамат өз елінің ертеңі үшін ойын білдірді. Бүгін – сол ойды нақты таңдау арқылы білдіретін күн. Мен де өз дауысымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Еліміздің болашағы, отбасымыздың ертеңі үшін өз таңдауымды жасадым,-дейді мәслихат депутаты.

Айта кетейік, республикалық референдум күніне орай Исатай ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан орталығы Аққыстау ауылында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін қоғамдық маршруттар ұйымдастырылды.

Аталмыш маршруттар үш бағыт бойынша қатынап, тұрғындардың референдум учаскелеріне еркін әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік беруде. Бұл бастама халықтың саяси науқанға белсенді қатысуына жағдай жасап, азаматтардың өз таңдауын жасауына қолдау көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT