Мәдениет қызметкерлеріне мерекелік құрмет

 

Мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын діңгегі. Елдің рухани келбетін айқындайтын бұл саланың қызметкерлері қай кезде де құрметке лайық. Осыған орай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді.

Кеш барысында аудан топырағында дүниеге келіп, мәдениет пен өнердің өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған, жарық жұлдыздай ерте сөнген бірқатар өнерпаздардың өмір жолынан сыр шертетін бейнеүзінді көрсетілді. Тағылымды көрініс көпшілік көңілін толқытып, өнер иелеріне деген құрметті арттыра түсті. Одан әрі ән мен күйден шашу шашылып, мерекелік кеш сазды бағдарламаға ұласты.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Бүгінгі Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен аудан әкімі атынан және өз атымнан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Ауданымызда халыққа мәдени қызмет көрсететін 9 мемлекеттік мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде аудандық «Жалын» мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб бар. Сонымен қатар аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты 18 кітапханада 40-тан астам маман еңбек етуде. Қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мәдениет саласы қызметкерлерінің қосып жүрген үлесі зор. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының арқасында мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа ғимараттар бой көтеріп келеді. Мәдениет – ұлттың айнасы, ал өнер – халықтың қазынасы. Осы рухани байлықты дәріптеп, ел мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Қасиетті Нарын өңірі – тек елімізге ғана емес, шетелге де танылған талай өнер саңлағын дүниеге әкелген киелі мекен. Бүгінде сол үрдісті жалғастыратын жас буын өсіп келеді, – деді ол.

Шара барысында облыс пен ауданның мәдени өміріне белсенді үлес қосып жүрген бір топ сала қызметкері марапатталды.

Атап айтқанда, аудандық мәдениет үйінің музыка өңдеушісі Әділбек Жұмашев пен Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйінің директоры Мақсот Ислат облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының Алғыс хатына ие болды.

Сондай-ақ облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы және мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының Алғыс хатымен аудандық «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Данагүл Жолдасқызы, Қамысқала мәдениет үйінің әдіскері Ақтолқын Нигметова, Жанбай ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Венера Қасимова және Зинеден ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Рита Хамзина марапатталды.

Марапат легі аудан әкімінің Алғыс хатымен жалғасын тауып, аудандық «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Эльза Қазекешова, Жанбай ауылдық мәдениет үйінің дыбыс операторы Айдар Бекетов, «Жалын» мәдениет үйінің тазалықшысы Гүлнәр Жарылғасова және Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйі режиссерінің ассистенті Жалғасбай Тәжиденов марапат төрінен көрінді.

Мерекелік кеш өнерпаздардың әсерлі әндерімен түйінделіп, мәдениет майталмандарына көрсетілген құрмет көпшілік көңілінен шықты.

Мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын діңгегі. Елдің рухани келбетін айқындайтын бұл саланың қызметкерлері қай кезде де құрметке лайық. Осыған орай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді.

Кеш барысында аудан топырағында дүниеге келіп, мәдениет пен өнердің өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған, жарық жұлдыздай ерте сөнген бірқатар өнерпаздардың өмір жолынан сыр шертетін бейнеүзінді көрсетілді. Тағылымды көрініс көпшілік көңілін толқытып, өнер иелеріне деген құрметті арттыра түсті. Одан әрі ән мен күйден шашу шашылып, мерекелік кеш сазды бағдарламаға ұласты.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Өтегенов мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Бүгінгі Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен аудан әкімі атынан және өз атымнан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Ауданымызда халыққа мәдени қызмет көрсететін 9 мемлекеттік мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде аудандық «Жалын» мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб бар. Сонымен қатар аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты 18 кітапханада 40-тан астам маман еңбек етуде. Қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мәдениет саласы қызметкерлерінің қосып жүрген үлесі зор.

Соңғы жылдары мемлекет қолдауының арқасында мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа ғимараттар бой көтеріп келеді. Мәдениет – ұлттың айнасы, ал өнер – халықтың қазынасы. Осы рухани байлықты дәріптеп, ел мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Қасиетті Нарын өңірі – тек елімізге ғана емес, шетелге де танылған талай өнер саңлағын дүниеге әкелген киелі мекен. Бүгінде сол үрдісті жалғастыратын жас буын өсіп келеді, – деді ол.

Шара барысында облыс пен ауданның мәдени өміріне белсенді үлес қосып жүрген бір топ сала қызметкері марапатталды.

Атап айтқанда, аудандық мәдениет үйінің музыка өңдеушісі Әділбек Жұмашев пен Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйінің директоры Мақсот Ислат облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының Алғыс хатына ие болды.

Сондай-ақ облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы және мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының Алғыс хатымен аудандық «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Данагүл Жолдасқызы, Қамысқала мәдениет үйінің әдіскері Ақтолқын Нигметова, Жанбай ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Венера Қасимова және Зинеден ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Рита Хамзина марапатталды.

Марапат легі аудан әкімінің Алғыс хатымен жалғасын тауып, аудандық «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Эльза Қазекешова, Жанбай ауылдық мәдениет үйінің дыбыс операторы Айдар Бекетов, «Жалын» мәдениет үйінің тазалықшысы Гүлнәр Жарылғасова және Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйі режиссерінің ассистенті Жалғасбай Тәжиденов марапат төрінен көрінді.

Мерекелік кеш өнерпаздардың әсерлі әндерімен түйінделіп, мәдениет майталмандарына көрсетілген құрмет көпшілік көңілінен шықты.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT