Медицина ардагерлері өз таңдауын жасады

23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлауға медицина саласының ардагерлері, ерлі-зайыпты Жұмабек Қабделов пен Бағила Дүйсалиева да қатысып, 133-сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Ел денсаулығы жолында жарты ғасырға жуық еңбек еткен Жұмабек Қабделов үшін бүгінгі сайлаудың маңызы ерекше. Медицина саласында 50 жыл қызмет атқарған ардагер азамат ел болашағына бейжай қарамай, әр азамат өз таңдауын жасауы қажет екенін атап өтті.

 

-Мен медицина саласында 50 жылға жуық еңбек етіп, халыққа қызмет еттім. Бүгінгі сайлауға да азаматтық парызым деп қарап, өз таңдауымды жасау үшін келдім. Елдің болашағы – баршамызға ортақ. Сондықтан әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, лайықты таңдау жасауы маңызды деп есептеймін. Құрылтай депутаттары халықтың үніне құлақ асып, ел игілігі жолында еңбек етеді деген сенімдемін, – деді Жұмабек Қабделов.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT