Мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті

 

Тұщықұдық ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен мекемелер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Оған Н.Үлкенбаев атындағы мәдениет үйі, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп, Ш.Шәріпов атындағы саз мектебі, Қызыл үй негізгі мектебі, «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасы,Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясы және Тұщықұдық ауылдық округі әкімдігінің аппараты ұжымы командалары қатысып, ауыспалы кубокты сарапқа салды.

 

 

Онда алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Окург әкімі А, Амиров, аудандық спорт саласының ардагері Б.Қайраханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін алаңға Н.Үлкенбаев атындағы мәдениет үйі командасы мен Тұщықұдық ауылдық округі әкімдігінің аппараты ұжымы командасы шығып, жарысты бірден қыздыра жөнелді. Қай-қайсысы да оңайлықпен шағыла қоятын командалар еместігін білдіріп, жарыстың тартысты өтуіне ерекше атсалысты.

 

 

Сонымен  сегіз-тоғыз сағатқа созылған жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын мен ауыспалы кубокты Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебінің командасы жеңіп алса, екінші орынды Ш.Шәріпов атындағы саз мектебі иеленді, ал үшінші орынды Қызыл үй негізгі мектебі алды. Сондай-ақ қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік қорғаушы» болып Айтқабыл Латиф,«Үздік шабуылшы» болып Қабілет Сұңғат,«Үздік ойыншы» болып Ерсайын Сырымов танылды. Айта кету керек, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділіктерімен көзге түсті. Жеңімпаз командаларға арнайы жүлделер салтанатты түрде табыс етілді. Осындай спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал ете берері сөзсіз.

 

                                                                          Аяпберген Салихов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT