23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлауға аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған Бөлекевтер отбасы да белсенділік танытып, 134-сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Әулеттің ақылшысы, 80 жастағы Хаметова Бәдеш апа үшін ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалу – азаматтық жауапкершіліктен тыс қалумен тең. Сексен жылдық ғұмырында талай тарихи кезеңнің куәсі болған кейуана бүгінгі ұрпақтың жарқын болашағын тілейтінін жеткізді.
«Біздің әулет үшін отбасы құндылығы мен елдің бірлігі әрдайым маңызды. Бүгін балаларыммен, немере-шөберелеріммен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ел болашағына қатысты әрбір шешімге халықтың атсалысқаны дұрыс деп ойлаймын. Жастарымыз аман, еліміз тыныш, берекеміз арта берсін. Құрылтай депутаттары халықтың үмітін ақтап, ел игілігі жолында еңбек етсе екен», – деді Бәдеш апа.



