МИЛЛИОНДЫҚ МҮМКІНДІК КІМНІҢ БАҒЫН АШАДЫ?

 

Кәсіп бастаутабыс табудың жолы ғана емес, адамныңөз әлеуетін жүзеге асырып, қоғамға пайда әкелуінің демаңызды қадамы. Алайда кез келген тың идеяныңөміршең жобаға айналуы үшін ең алдымен қаржылыққолдау қажет. Осы тұрғыда мемлекет ұсынатынқайтарымсыз гранттар мыңдаған азаматтыңкәсіпкерлікке алғашқы қадамын нық  басуынамүмкіндік беріп келеді. Әсіресе ауылдық жерлердешағын бизнестің дамуына серпін беретін мұндай қолдаутетігі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтыңтабысын арттыруға және жергілікті экономиканыңжандануына оң әсерін тигізуде. Мемлекеттің бастымақсатыгрант арқылы өміршең бизнес-идеялардықолдап, кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру. Міне, осы  бағыттағы жұмыстар ауданда да жүйелі жалғасыпкеледі. Дүйсенбі күні  ауданда жаңа бизнес-идеялардыіске асыруға арналған 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 миллион 730 мың теңге көлеміндегіқайтарымсыз мемлекеттік гранттың алғашқы легінеүміткерлердің жобаларын қараған комиссия отырысыөтті. Онда өз кәсібін ашуға немесе жаңа бағыттыдамытуға ниетті азаматтар бизнес-жоспарларынұсынып, жобаларының тиімділігі мен өміршеңдігін дәлелдеуге тырысты.

Қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қатысу үшін барлығы 21 үміткер өз бизнес-жобаларын ұсынды. Олардың 18-і – көпбалалы отбасы мүшелері, біреуі – асыраушысынан айырылған азамат, ал екеуі – мүгедектігі бар жандар. Белгіленген күні өткен комиссия отырысына 17 үміткер қатысып, өз жобаларын қорғады. Дәлелді себептермен қатыса алмаған үміткерлердің жобалары комиссия қарауына ұсынылмай, грант иегерлері қатарына енген жоқ. Нәтижесінде 12 үміткердің жобасы мақұлданып, олар қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. Енді олар өз кәсіптерін бастап, жаңа бастамаларын жүзеге асыруға кіріспек.

Комиссия қарауына ұсынылған бизнес-жобалар әртүрлі салаларды қамтыды. Үміткерлердің бірі ірі қара мал сатып алып, сүт өндірісін дамытуды көздесе, енді бірі автокөлік жөндеу орталығын ашуды ұсынды. Сонымен қатар автокөліктерді химиялық тазалау, дәнекерлеу қызметін көрсету бағытындағы жобалар да таныстырылды.

Бұдан бөлек, наубайхана ашу, кондитерлік өнімдер өндіру, көкөніс қосылған заманауи әрі пайдалы жартылай фабрикаттар шығару, авторлық дизайндағы тігін және тоқыма өнімдерін өндіру, бастауыш сынып оқушыларына арналған қосымша білім беру орталығын ашу, сондай-ақ мерекелік қызметтер көрсетуге бағытталған бизнес-идеялар комиссияның қарауына ұсынылды. Ұсынылған жобалардың басым бөлігі халыққа қажетті қызмет көрсету, азық-түлік өндірісі және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Мамандардың айтуынша,  ауданда 2021–2025 жылдар аралығында 155 тұрғын қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Бұл бастама халықты жұмыспен қамтуға, азаматтардың табысын арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі саналады. Дегенмен грант негізінде жүзеге асырылған жобалардың барлығы бірдей күткен нәтижеге қол жеткізе қойған жоқ. Кейбір грант иегерлері түрлі себептерге байланысты кәсіптерін тұрақты жүргізе алмай, жобаларын тоқтатса, енді бірқатары бөлінген қаражатты толық әрі тиімді игере алмаған. Осыған байланысты қайтарымсыз мемлекеттік гранттардың тиімділігіне жан-жақты талдау жасап, олардың нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін бағалау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

 Бізбен тілдескен аудандық Мансап орталығы филиалының маманы Гүлмира Хайрошованың мәліметінше, 2021 жылы 55 адам, 2022 жылы -36 адам, 2023 жылы – 20 адам, 2024 жылы – 24 адам, 2025 жылы   20 адамға қайтарымсыз гранттар миллион теңгеге дейінгі көлемде берілген. Алайда грант иегерлерінің барлығы бірдей кәсібін дөңгелентіп әкете алмаған. Тіпті грант алып, бірнеше айдан кейін жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де кездескен. Жауаптылар кейбір жобалар тек есеп үшін ғана жүзеге асырылып, уақыт өте келе мүлде жабылып қалғанын айтады. Мұндай жағдайлардың орын алуына бірнеше себеп болған. Соның бірі – грант алушылардың кәсіпкерлікке дайындық деңгейінің төмендігі. Көп жағдайда азаматтар нарықтағы сұранысты жан-жақты зерттемей, табыстылығы күмәнді бағыттарды таңдайды немесе бизнес-жоспарды тек грантқа қол жеткізу құралы ретінде әзірлейді. Соның салдарынан бөлінген қаржы игерілгенімен тұрақты табыс әкелетін әрі ұзақ мерзімде жұмыс істейтін кәсіп қалыптаспай жатады.

Ал аудандық Мансап орталығы филиалының басшысы Ақтоты Балмулдинаның айтуынша, қайтарымсыз мемлекеттік гранттың басты мақсаты – азаматтарға табыс табудың тұрақты көзін қалыптастыруға мүмкіндік беру және олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау.

–Грант – бұл жай ғана қаржылай көмек емес, үлкен жауапкершілік. Сондықтан үміткерлер бизнес-жос-парын жан-жақты ойластырып, нарықтағы сұранысты ескеруі қажет. Бөлінген қаражат тек нысаналы мақсатқа жұмсалуы тиіс және оның игерілуі заңнама талаптарына сәйкес тұрақты түрде мониторингтен өтеді. Біз грант алушылардың өз кәсіптерін тұрақты жүргізіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, отбасылық табысын арттыруына мүдделіміз. Сондықтан әрбір қатысушыға өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, бастаған ісін табысты дамытуға жауапкершілікпен қарауға кеңес береміз,-деді ол өз сөзінде.

 Бүгінде ауданда қайтарымсыз гранттың көмегімен кәсібін дөңгелентіп, тұрақты табыс тауып отырған азаматтар да бар. Дегенмен жекелеген жетістіктер бағдарламаның толық тиімділігін көрсете алмайды. Ең маңыздысы – бөлінген қаражаттың нақты нәтижеге жұмыс істеуі. Өйткені мемлекет үшін басты көрсеткіш грант алған адамдардың саны емес, сол қаржының жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіптің дамуына және қоғам игілігіне қаншалықты үлес қосқаны маңыздырақ.

Сағыныш ІЗБАСАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT