Бүгін аудандық коалиция мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың пікірлерін тыңдау болды.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған әлеуметтік қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейту бағытындағы бастамалар туралы айтылды.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Осындай кездесулер қоғамның барлық топтарының үнін естіп, олардың ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді. Кездесу соңында қатысушыларға белсенділік танытып, пікірлерімен бөліскені үшін алғыс білдірілді.

