Исатай аудандық мәслихатының төрағасы Аманжол Рахметов №134 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ол аудан тұрғындарын ел болашағы үшін маңызды саяси науқаннан қалыс қалмауын тілге тиек етті.
— Бүгінгі референдум – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күн. Сондықтан әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс беру арқылы ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Біз де өз таңдауымызды жасап, халықпен бірге ортақ іске үлес қостық, — деді ол.
Сондай-ақ ол мұндай саяси науқандар халықтың бірлігін нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашатынын жеткізді.
Аудан тұрғындары да референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға белсенді түрде қатысуда.



