Нарын ауылдық округіндегі ақпараттық кездесу

 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумактық коалициясы өкілдерінің ауданындағы ақпараттық түсіндірме жұмыстары Нарын ауылдық округынде жалғасты. 

Мұнда коалиция өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді жан-жақты түсіндірді. Мәслихат депутаттары өз сөздерінде ұсынылып отырған өзгерістер елдегі саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін атап өтті.

 

 

Жаңа нормалар азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді күшейтуге бағытталғаны айтылды. Сонымен қатар, Конституция жобасында әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, еңбек құқықтарын қорғау мәселелері де қамтылғаны жеткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT