Нарын балабақша ұжымы өз таңдауын жасады

 

Нарын бөбекжай-балабақшасының қызметкерлері №138 сайлау учаскесіне келіп, ауыл әкімінің сайлауында өз азаматтық таңдауларын жасады. Ұжым мүшелері сайлау науқанына белсенді қатысып, елді мекеннің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.

Балабақша қызметкерлері үшін ауылдың тұрақты дамуы мен көркеюі, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы – баршаға ортақ маңызды мәселе. Осы орайда әр азаматтың дауыс беруі елді мекеннің келешегіне қатысты өз ұстанымын білдірудің маңызды жолы саналады.

№138 сайлау учаскесіне келген ұжым мүшелері өз таңдауларын жасап, азаматтық міндеттерін орындады.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT