«Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

 

#Заңментәртіп

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету және балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 15-20 тамыз аралығында Исатай ауданы аумағында республикалық «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT