Назерке Шамиева: Азаматтық ұстаным – әрбір таңдау

 

Әлеуметтік кәсіпкер, «Айым» балалар дамыту орталығының құрылтайшысы, блогер Назерке Шамиева №133 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Ол ел дамуына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділігін танытты. Назерке Шамиеваның айтуынша, мұндай маңызды сәттерде әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс.

– Референдум – халықтың өз ойын ашық айтып, мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды мүмкіндік. Әр азаматтың таңдауы елдің ертеңіне әсер етеді. Сондықтан бұл күні дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, – дейді ол.

Айта кетейік, Назерке Құрмантайқызы балалардың жан-жақты дамуына бағытталған «Айым» балалар дамыту орталығын ашып, жас ұрпақтың білім мен тәрбие алуына үлес қосып жүрген белсенділердің бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT