«Өнеркәсіп ардагерлерімен кездесу: тәжірибе мен сабақтастық»

 

Коалиция мүшелері өнеркәсіп саласының ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиында елдің индустриялық дамуы, өндіріс саласындағы реформалар және жаңа Конституция аясындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды. Ардагерлер көпжылдық тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек адамының мәртебесін арттыру, өндірістегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жөнінде ой-пікірлерін білдірді.

Кездесу еркін форматта өтіп, мазмұнды диалог алаңына айналды. Коалиция мүшелері ардагерлердің ұсыныстары мен пікірлері алдағы жұмыстарда ескерілетінін атап өтті. Мұндай басқосулар ұрпақ сабақтастығын нығайтып, елдің тұрақты дамуына бірлесе үлес қосуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026