№130 сайлау учаскесінде сайлаушылар назарына мазмұнды кітап көрмесі ұсынылды. Көрме Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай ұйымдастырылып, рухани қазынаға айналған ақын шығармалары арнайы орын алды.
Сонымен қатар көрмеден Әбіш Кекілбаев, Берқайыр Аманшин, Төлен Әбдікұлы, Мағжан Жұмабаев, Сағат Әшімбаев сынды көрнекті қаламгерлердің еңбектерін де кездестіруге болады. Қазақ әдебиетінің жауһарларын бір жерге топтастырған көрме сайлаушылардың қызығушылығын оятып, дауыс берумен қатар рухани дүниемен сусындауына мүмкіндік берді.
Тұщықұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айсұлу Ғылымованың айтуынша, көрмеге ауыл кітапханасының тұрақты оқырмандары да арнайы назар аударып, сұранысқа ие әдебиеттермен танысқан.
Кітап көрмесі – сайлау учаскесіндегі маңызды саяси науқанды рухани құндылықтармен сабақтастыра түскен тағылымды бастама.


