Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты аудандық коалиция мүшесі Назым Идрисова Оқушылар үйінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру және жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер туралы ақпарат беру болды.
Кездесу барысында Назым Идрисова жаңа Ата заң жобасында қарастырылған басты бағыттарға тоқталып, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екендігін айтып, әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды екенін жеткізді.
Оқушылар үйінің ұжымы да өз пікірлерін білдіріп, ұсынылып отырған өзгерістерге қызығушылық танытты. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтындарын айтты.

