Оқушыларға қауіпсіздік түсіндірілді

 

2026 жылдың 10 сәуір күні білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі, терезеден құлау қаупінің алдын алу және судағы қауіпсіздік ережелері бойынша кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға қарапайым әрі маңызды қауіпсіздік ережелері жан-жақты жеткізілді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша оқушыларға отты абайсыз қолданудың салдары түсіндіріліп, тұрмыста электр құралдарын дұрыс пайдалану қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, өрт орын алған жағдайда жедел қызметтердің 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу тәртібі, эвакуация кезіндегі іс-қимылдар түсіндірілді.

Терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында оқушыларға терезе маңында ойнамау, москит торына сүйенбеу, сондай-ақ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды екені атап өтілді.

Судағы қауіпсіздік бойынша оқушыларға рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, үлкендердің қарауынсыз суға түспеу, сондай-ақ қауіп туындаған жағдайда өз бетінше әрекет етпей, үлкендерден көмек сұрау керектігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қауіпсіздік тақырыбы бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Себебі балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Ахметқалиев Дидар Ғабитұлы,

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT