Олжалы оралған ОМАР

 

Жуық арада жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған республикалық байқау өтті. Байқау қорытындысы Астана қаласында  өткізіліп, жүлделі  оқушылар сол форумға жолдама алып, ел көлеміндегі дарынды жастармен бірге рухани-танымдық шараға қатысу мүмкіндігіне ие болған. Шараға Аққыстау ауылындағы «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Омар Қайрат қатысып, олжалы оралды.

Ол «Абай аманаты – жас дарын» атты республикалық байқауға қатысып, бәйгенің алдыңғы қатарынан көрінген. Сонымен қатар «Дана Абай ізімен» республикалық шығармашылық байқауында жоғары шеберлігімен ерекшеленіп, жүлделі І орынды қанжығаға байлады. Бұл – 5 жастағы бүлдіршіннің білімге құштарлығы мен шығармашылық қабілетінің, сондай-ақ жүйелі еңбегінің нәтижесі десе де болар. Кішкентай Омардың үш жасынан-ақ ерекше қабілетімен көзге түскенін анасы да тілге тиек етті.

–Баламыз үш жасынан бері өзінің алғырлығымен, есеп шығаруымен, тез жаттауымен көзге түсті. Түрлі жарыстарға қатысып келеді, соның ішінде Мұқағали ақынның «Ана», «Әке», «Үш бакытым» атты өлеңдерін жаттау арқылы жарысқа қатысып, бәрінен олжалы оралып жүр. Ал бұл жолы Абай оқуларында «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңін мүдірместен жатқа оқыды. Шәкіртінің шығармашылық жолында бағыт-бағдар берген жетекшісі Жұпар Шурегалиеваның да еңбегі зор. Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігімен өлшенетіні белгілі. Осындай табанды тәлім мен талаптың арқасында ұлымыз республикалық деңгейде топ жарды,-дейді анасы Анар Сұлтанбекқызы.

Бұл – балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, жаңа белестерге ұмтылуына берілген зор мүмкіндік. Кішкентай бүлдіршінге шығармашылық шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT