Отбасылық ансамбль мүшелері бірге дауыс берді

Тұщықұдық ауылдық округіндегі №131 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жалғасуда. Ауыл тұрғындары учаскеге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

Сайлау учаскесіне Бермағанбетовтар отбасы да бірге келіп, азаматтық таңдауын жасады. Өнерімен ауыл тұрғындарына жақсы таныс отбасылық ансамбль мүшелері сайлауға отбасымен қатысып, ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

Отбасылық ансамбль мүшелерінің айтуынша, сайлауға бірге қатысу – бір шаңырақтағы ауызбіршіліктің ғана емес, ел өміріне ортақ жауапкершіліктің де көрінісі.

– Біз үшін сайлауға отбасымызбен бірге қатысу маңызды. Әр адамның таңдауы елдің болашағына әсер етеді. Сондықтан азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды бірге жасадық, – дейді Бермағанбетовтар отбасы.

Бермағанбетовтар отбасының бірлігі мен өнерге деген ортақ қызығушылығы оларды ауылдағы мәдени шаралардың белсенді қатысушыларының біріне айналдырып келеді. Бүгін отбасы мүшелері өнердегі үйлесімділігін сайлаудағы ортақ азаматтық ұстаныммен сабақтастырды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT