Зинеден ауылдық округіндегі №136 референдум учаскесінде дауыс беруге келгендердің қатарында өнегелі отбасылар да бар. Солардың бірі – Зинеден ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділбек Биханов пен Мендіғазиева Балсияның отбасы.
Ел ішінде сыйлы, көпке үлгі болып жүрген бұл отбасы республикалық референдумға бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, ауылдың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген ардагердің бұл қадамы жастарға да өнеге болары сөзсіз.
Ғаділбек Бихановтың айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың борышы. Сондықтан отбасы мүшелерімен бірге келіп, референдумда дауыс беруді азаматтық жауапкершілік деп санайды.
– Біздің басты мақсатымыз – елдің тұрақтылығы мен болашағына өз үлесімізді қосу. Осындай маңызды сәттерде әрбір азамат белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Біз де отбасы болып келіп, азаматтық парызымызды орындадық,-деді ардагер.
№136 референдум учаскесінде дауыс беруге келген бұл отбасының бірлігі мен белсенділігі көпшілікке үлгі боларлық. Елдік маңызды шараларға отбасымен қатысу – азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
№136 референдум учаскесінің комиссия төрағасы Айсұлу Саткалиеваның айтуынша, учаскеде 749 дауыс беруші тіркелген. Референдум күні азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық қажетті жағдай қарастырылған.
Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың да дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Учаскеде арнайы пандустар орнатылып, қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жауапты адамдар бекітілген. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың конституциялық құқығын толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Зинеден ауылдық округіндегі №136 референдум учаскесінде дауыс беруге келгендердің қатарында өнегелі отбасылар да бар. Солардың бірі – Зинеден ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділбек Биханов пен Мендіғазиева Балсияның отбасы.
Ел ішінде сыйлы, көпке үлгі болып жүрген бұл отбасы республикалық референдумға бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, ауылдың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген ардагердің бұл қадамы жастарға да өнеге болары сөзсіз.
Ғаділбек Бихановтың айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың борышы. Сондықтан отбасы мүшелерімен бірге келіп, референдумда дауыс беруді азаматтық жауапкершілік деп санайды.
– Біздің басты мақсатымыз – елдің тұрақтылығы мен болашағына өз үлесімізді қосу. Осындай маңызды сәттерде әрбір азамат белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Біз де отбасы болып келіп, азаматтық парызымызды орындадық,-деді ардагер.
№136 референдум учаскесінде дауыс беруге келген бұл отбасының бірлігі мен белсенділігі көпшілікке үлгі боларлық. Елдік маңызды шараларға отбасымен қатысу – азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
№136 референдум учаскесінің комиссия төрағасы Айсұлу Саткалиеваның айтуынша, учаскеде 749 дауыс беруші тіркелген. Референдум күні азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық қажетті жағдай қарастырылған.
Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың да дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Учаскеде арнайы пандустар орнатылып, қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жауапты адамдар бекітілген. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың конституциялық құқығын толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

