Отбасындағы зорлық-зомбылық - қоғам кеселі

 

Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қасиетті құндылықтардың бірі. Берекелі отбасыда өзара сыйластық, мейірім мен түсіністік салтанат құруы керек. Алайда бүгінгі қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзектілігін жоймай отыр. Кез келген жанжалдың соңы күш көрсетуге ұласуы адам тағдырына, әсіресе балалардың психологиялық дамуына кері әсер етеді. Сондықтан мұндай келеңсіздіктің алдын алу – қоғам болып атқаратын маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында биылғы жыл «Қауіпсіз балалық шақ» жылы болып жарияланып, республика көлемінде «Отбасында зорлықзомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды акция өтуде.

Акцияның  басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағыт бойынша ауданымызда да акция аясында түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, профилактикалық шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Осылайша тиісті мамандар яки полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, құқықтық кеңестер беріп, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі таңда аудан бойынша қорғау нұсқамасымен 45 адам есепке алынған. Сонымен қатар сот арқылы ерекше талап қойылып, мінез-құлқына шектеу белгіленген 5 адам тіркеліп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, отбасындағы тұрақтылық пен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тұрмыстық зорлықзомбылық – тек бір отбасының ғана мәселесі қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға дер кезінде көмек көрсетуге де басымдық беруде. Себебі қауіпсіз қоғам – қауіпсіз отбасынан басталады. емес, ол – тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселе. Сондықтан әр азамат отбасындағы сыйластық пен жауапкершілікті жоғары қоюы тиіс. Қандай жағдай болмасын, заң талаптарын сақтау мен адам құқығын құрметтеу – басты міндет.

Бүгінгі күні тұрғындарды құқықтық тұрғыда қолдап қана қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға дер кезінде көмек көрсетуге де басымдық беруде. Себебі қауіпсіз қоғам – қауіпсіз отбасынан басталады.

 

Гүлнара МУБИНОВА,

аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT