Осы бір елдік таңдау ісінде отбымен келіп өз таңдауларын танытып жатқандар да аз кездеппейді. Солардың бірі – тұщықұдықтық Сапаевтар отбасы.
Тұщықұдық ауылдық Н.Үлкенбайұлы атындығы ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №130 референдум учаскесінде тәркелген 1395 дауыс берушінің қатарындағы отбасы отағы Қаржау Сапаев та, отанасы Қансұлу Алипова да бірі механизатор болып тер төгіп, бірі құрылыс саласында қолтаңбасын қалдыра жүріп зейнеткерлік демалысқа шыққан ата мен әже..
-Өз өмірімізде осындай елдікті, бірікті танытар талай науқандарға қатыстық қой. Оның әрбірінің өзіндік орны бар. Ал Конституция – елге қызмет қылатын заңдардың заңы. Соның ішінде бұл жолғы халықтың таңдауына түскен жаңа Конституцияда отбасы құндылықтарын, адам құқықтарын алға шығарған екен, өз таңдауымызды жасадық,-дейді отағасы Қаржау Сәрсенұлы.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР



