Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектебінде орналасқан №138 сайлау учаскесіне келген зейнеткер, теміржол саласының ардагері Избасар Дәулетов азаматтық таңдауын жасап, дауыс берді.
– Бұл сайлау ауылымыздың өсіп-өркендеуіне, ең бастысы, біз секілді зейнеткерлердің тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етеді деп сенемін. Сондай-ақ қазіргі жастардың жұмыссыз жүрмей, тұрақты еңбекпен қамтылуы үшін дауыс бердім, – деді Избасар Дәулетов.
№138 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы берген мәліметке сүйенсек, аталған учаскеде барлығы 698 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 5-еуі – мүгедектігі бар азаматтар.
Сағыныш Қайыр


