Ринат Есқали жаңа қызметке қабылданды

Қамысқалалық Ринат Есқалидың есімі аудан жұртшылығына, соның ішінде жастар жағына жақсы таныс.

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарған ол өңір жастарының басын бір ортаға тоғыстырып, оларды әртүрлі бағыттағы шараларға тарта білді. Енді ол ел жолындағы еңбегін аудандық әкімдікте жалғастырады.

Есқали Ринат Нәбидоллаұлы аудан әкімі М.Мурзиевтің 2020 жылғы 27 сәуірдегі №70 өкіміне сәйкес Исатай ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызметке қабылданды. Р.Есқали Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылында 1989 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Еңбек жолын 2012 жылы Атырау қаласында Еркінқала орта мектебінде география пәні мұғалімі болып бастаған. 2016-2019 жылдары Исатай аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2019 жылдан күні бүгінге дейін Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарған. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы.

Редакциямызбен де етене аралыса жүріп қызмет атқарған Ринаттың жаңа қызметіне де сәттілік тілейміз!

өз тілшімізден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21