Рәміздерге құрмет - риясыз міндет

ашық дереккөзден

 

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба, Гимн – тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты. Оны біліп, көңілге түйген бір бөлек, ал мемлекеттік рәміздерді дұрыс орналастыра білудің жөні бір басқа.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік Гимні мемлекеттік нышандар болып табылады. Осы ретте біздің Исатай ауданы бойынша да мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау мен дұрыс қолдану жөнінен мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысындағы жоспарлы жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Күні бүгінде жалпы аудан бойынша алғандағы барлығы 57 мемлекеттік мекеменің 9-ы облыстық бюджетке қарасты басқармалар мен бөлімдер және аудандық білім бөліміне қарасты мекемелер – 33, жергілікті бюджетке қарасты мекемелер мен бөлімдер -15-ті құрайды. Аталған 57 мемлекеттік мекемеде 75 мемлекеттік Ту, 74 Елтаңба бар, оның ішінде, 18 сыртқы Ту мен 17 Елтаңба, сондай-ақ, 74 мөр бар.

Барлық ғимараттарға тұрақты тігілген мемлекеттік Ту мен Елтаңбаға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруы және тозығы жеткен рәміздер уақытылы ауыстырылуы үнемі қадағалануда. Аудандағы мекемелерде және білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздер бейнеленген 27 стенд орналасқан.

Әрбір өткізілетін мерекелік шараларда, спорттық жарыстардың ашылу салтанатында мемлекеттік Туымыз заңдылыққа сәйкес шығарылып, Әнұранымыз шырқалып тұрады.

Жалпы аудан бойынша бүгінгі күнге дейін мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеу фактілері орын алған жоқ. Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен аудандағы мекемелердегі мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру бойынша зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мониторинг барысында анықталған жағдайлар бойынша кемшіліктер (стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру бойынша комиссия мүшелерін нақтылау, жоспарларға түзету енгізу, т.б.) дер кезінде түзетіліп, дереу қалпына келтіріліп жүр. Осындай зерделеу жұмыстары ай сайын жүргізіліп отыр, қажет болған жағдайда уақыт күттірмейтін мәселелермен жұмыстар да жүргізіліп тұрады.

Мемлекеттік Елтаңбаға байланысты белгіленген техникалық шартқа 2018 жылы өзгерістер енгізілгені белгілі. 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген өзгерістер ҚР СТ-989 2014 стандарты бойынша дайындалған. Бұл өзгеріс нені білдіреді? Елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы латын графикасына көшуімізге байланысты «Qazaqstan» болып өзгертілді.

ҚР мемлекеттік рәміздерінің белгіленген стандарттары бар. Ғимараттың ішінде рәміздерді өзіндік қолдануы бар. Мектептерде, мемлекеттік мекемелердің үлкен фойелерінде орналастырылады. Лауазымды тұлғалардың кабинеттерінде 1,2 метр өлшеммен мемлекеттік Елтаңбаның сол жағында тігіледі. Ал Елтаңба диаметрі 500 мм, лауазымды тұлғаның жұмыс орнының артқы жағына орнатылады.

Мемлекеттік Тудың ластануы, Мемлекеттік Елтаңбалардың түстерінің қараюы, мекеме қолданысындағы фирмалық бланкілердегі Елтаңбаның бейнесі ескі үлгіде екені анықталған жайттар кездесті. Аталмыш кемшіліктерді жою жел тұруы әлгіндей жайттардың орын алуына әсер етері рас. Мекемелердің сыртына ілінетін Тулар сыртқы Тудың сапасына сәйкес келмейді. Сыртқа ілінетін Ту мен ішкі ілінетін Тудың сапасы екі бөлек, соған байланысты бағасы да қымбат болып келеді. Сәйкес келмеген Тулар тез бүлініп, жыртылып жатады. 

Зерделеу жұмыстары кезінде стандартқа сәйкес келмейтін рәміздер анықталып, жойылуға жатады. Ескерту бергеннен кейін 1 күн уақыт беріледі. Егер орындалмаған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады. Соттың шешіміне сәйкес айыппұл төлейді. Мемлекеттік рәміздер пайдалану міндетті болып табылатын жағдайда оны пайдаланбау лауамызды адамдарға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеледі, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану және орындау тәртібін бұзған жағдайда да осындай көлемдегі (50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) айыппұл салынады. Ал ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін рәміздерді пайдаланған кезде жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субьектілеріне 25 айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпорындарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Әр жыл сайын 4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күнін байланысты аудан әкімдігімен салтанатты шара ұйымдастырылып, мемлекеттік Туымыз тутұғырға көтеріліп, мемлекеттік Әнұранымыз шырқалады. Аталған шараға аудандағы мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкерлері белсене қатысады. Мемлекеттік рәміздерге риясыз құрметіміздің бастау алар бір тұсы да осы. Ол құрметіміз ешқашанда орта түспек емес.

 

Ринат ЕСҚАЛИ,

аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT